
Қазақстан-Словения бизнес-форумы
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ іскерлік қауымдастық өкілдерін 2025 жылғы 1 сәуірде Астана қаласында өтетін Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысуға шақырады.
Форум Қазақстан мен Словения арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға және іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей алаңға айналады.
Іс-шара бағдарламасына инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ IT, фармацевтика және туризм сияқты стратегиялық салалардың дамуына арналған пленарлық сессия мен панельдік пікірталастар кіреді. Форум кәсіпкерлер, инвесторлар және мемлекеттік құрылымдар үшін өзара тиімді байланыстар орнатып, серіктестік перспективаларын талқылауға тамаша мүмкіндік береді.
Словения делегациясының тізімімен мына жерден таныса аласыз.
Бұл шараға тіркелу жабылды.