Медиа орталық

Ақмола облысында сұлы жармасын шығаратын зауыт іске қосылды

Ақмола облысында сұлы жармасын шығаратын зауыт іске қосылды

Ақмола облысының Покровка ауылында глютенсіз сұлы үлпектерін шығаратын қала құраушы кәсіпорын іске қосылды. Жобаны Ақмола облысы әкімдігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен «Baha-Söhne» ЖШС отандық кәсіпорны швейцариялық «Buhler» концернімен бірлесіп жүзеге асырды. Жобаның құны $6 млн. Сұлы зауыты республикалық маңызы бар Көкшетау-Атбасар тас жолының бойында орналасқан.

photo1695878641.jpeg

«2021 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Швейцария инвестициялық дөңгелек үстелі аясында «Baha-Söhne» ЖШС қазақстандық кәсіпорны швейцариялық Buhler AG концернімен бірлесіп жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Импортты алмастыру саясатын ескере отырып, жоғары технологиялық еуропалық тәжірибені енгізу арқылы толық өндірістік циклге сәйкес осындай жобаларды құру ел үшін өте маңызды», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ Еуропа елдерімен ынтымақтастық бөлімінің басшысы  Анара Мекебаева.

photo1695895413.jpeg

«Зауыттың қуаттылығы сағатына 2 тонна сұлы ұнтағын құрайды. Кәсіпорын жылына 25-30 000 тонна сұлы пайдалана отырып, 15 000 тоннаға дейін сұлы үлпектерін шығара алады. Жоба аясында жалпы өңірдің дамуына ықпал ететін жұмыс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылды. Агроөнеркәсіп кешеніне сұлы қабылдау, кептіру, тазалау және сақтау аймақтары кіреді. Биыл жоба «Аймақтағы үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша жеңімпаздардың бірі болды. Өнімді Орталық Азия, Кавказ және Қытай елдеріне экспорттау жоспарлануда», - деді «Baja-Söhne» ЖШС бас директоры Аманжол Әріпов.

photo1695895413 (2).jpeg

Ақмола облысында сұлы түйіршіктерін өндіру жобасын жүзеге асыру өңірдегі ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамытудағы елеулі қадам болып табылады, сонымен қатар Қазақстан мен Швейцария арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін болады.

photo1695895413 (1).jpeg

Анықтама:

Бүгінгі таңда Швейцария Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвесторлардың үштігіне кіреді. ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, Швейцариядан Қазақстан Республикасына 2012 жылдан 2022 жылға дейін ТШИ жалпы ағыны $27,1 млрд, 2023 жылдың 1 тоқсанында $876 млн құрады.

Buhler Holding AG – Швейцарияның Узвил қаласында орналасқан швейцариялық көпұлтты зауыт жабдықтарын өндіруші. Buhler зауыттар мен жабдықтармен және тамақ өнімдерін өңдеуге және алдыңғы қатарлы материалдар өндірісіне қатысты қызметтерімен танымал. Ол диірмендердің, жарма шығаратын тамақ фабрикаларының және шоколад фабрикаларының өндірісінде көшбасшы болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге