Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткердің және оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіп пен көлемде өздерінің төлем қабілеттілігін растауы рұқсат берудің міндетті шарты болып табылады.
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібі
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш береді.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді.
Рұқсат алу үшін шетелдік және азаматтығы жоқ адам болу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;
2) өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
3) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
4) өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян;
5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
6) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
9) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
10) мөлшері 35х45 мм 1 фотосурет;
11) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).
5), 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылуы тиіс
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу және беру тәртібі
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олар азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
2) көлемі 3,5х4,5 сантиметр екі фотосуретті;
3) жарамды ұлттық паспортты жеке ұсынуы қажет.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
Азаматтық
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана алады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрған не Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған адамдар.
бірінші тармақшада көзделген шарттардың болуы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан адамдардан не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен талап етілмейді
2) Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, олардың жақын туыстарының ішіндегі біреуі, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан - балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары
Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді.
Қазақстан аумағында тұру мерзімінде мыналар ескеріледі:
1) егер де адам бұған дейін республикада тұрған болса, әскерде қызмет еткен уақыты және әскерден кету күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күннің арасындағы үзіліс үш айдан аспауы тиіс;
2) егер де оқуды аяқтағанына немесе оқу орнынан шыққанына және Қазақстан Республикасына келгеніне үш айдан аспаған болса, республикадан тысқары жерлерде оқыған уақыты;
3) егер де іссапардың аяқталғанына және Қазақстан Республикасына келгеніне үш айдан аспаған болса, республикадан тысқары жерлерде іссапарда болған уақыты.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне Қазақстан Республикасының соты немесе басқа да мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика аумағында іссапарда, емделуде болған мерзімі және уақытша тұрудың басқа да жағдайлары есепке алынбайды.
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне есептелмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жазады және тұрақты тұратын жеріндегі ішкі істер органына тапсырады.
Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың барлық себептері көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелері бойынша ішкі істер органдарының өтінішхатты (өтінішті) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян;
3) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
4) осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелері бойынша ішкі істер органдарының өтінішхатты (өтінішті) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелері бойынша ішкі істер органдарының өтінішхатты (өтінішті) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 15-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген ішкі істер органына Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы өтініштің көшірмесі азаматтыққа қабылдау туралы материалдарға қоса тігіледі);
7) мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат:
Санамаланған құжаттармен бірге:
кәсіби тізбенің талаптарына жауап беретін адамдар және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар үшін талаптар – бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын;
Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар – оралманның куәлігін және келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамның атына бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.