Медиа орталық

Көкшетауда KAZAKH INVEST өңірдегі бизнес-қауымдастыққа мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында семинар өткізді

Көкшетауда KAZAKH INVEST өңірдегі бизнес-қауымдастыққа мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында семинар өткізді

Қазақстан Республикасының инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті. Семинарға қазақстандық бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, АҚ «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы, «Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «ESC KazakhExport» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ және «Астана» халықаралық қаржы орталығы жиналды.

Кездесу барысында қатысушыларға инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың шаралары, жеңілдіктер мен преференциялардың туралы, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері және т.б. шаралар туралы толық ақпарат берілді.

Семинар жұмысын Ақмола облысының әкімінің орынбасары ашып, өңірдің инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Қанат Ыдырысов облыстың машина жасау, туризм және өңдеу өнеркәсібі салалары да қарқынды дамып келе жатқан еліміздің агроөнеркәсіптік жетекші аймақтарының бірі екенін атап өтті.

Құттықтау сөзінде KAZAKH INVEST аймақтық блогының басшысы Марат Есенов KAZAKH INVEST өз жұмысының барлық кезеңдерінде тек шетелдік бизнеске ғана емес, қазақстандық жоба бастамашыларына да қолдау көрсететінін атап өтті.

Бұл ретте, KAZAKH INVEST «бір терезе» тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова жиынға қатысушыларды инвестициялық келісім, салықтық несие сияқты, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары туралы хабарлап өтті.

«KAZAKH INVEST командасы инвесторларды ақпараттық-құқықтық қолдауды «бір терезе» қағидаты бойынша жасайды. Оның ішінде инвестициялық келісімшарт жасау, мемлекеттік органдармен келіссөздер ұйымдастыру және Қазақстан аймақтарында жобаларды оқшаулау мәселелерін шешуімен айналысады», - деді Әйгерім Қойлақова.

Сондай-ақ, Ақмола облысына сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшысы Мейіржан Юсупов «Тыныс» АҚ Авиациялық өнімдерді шығару компаниясы және «Асыл Арман» ЖШС полипропиленді контейнерлер шығаратын зауыттарын бақылап шықты.Сәл кейінірек ұлттық компания басшысы Макинск қаласында болып, құю-механикалық және жылу оқшаулағыш зауыттардың жұмысымен танысты..

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге