Медиа орталық

KAZAKH INVEST Төрағасы Ақмола облысының бизнес өкілдерімен кездесті

KAZAKH INVEST Төрағасы Ақмола облысының бизнес өкілдерімен кездесті

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Ақмола облысы Аршалы ауданындағы бірқатар инвестициялық жобаларды аралап көрді, сонымен қатар өңірдің бизнес өкілдерімен жобаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

«Ақ-Дала Агро» құс фабрикасын аралау барысында ұлттық компания басшысы жобаның жаңа кезеңінің барысымен танысты. Бүгінгі таңда жобаның жылдық өндірістік қуаттылығы 6 мың тонна құс етті құрайды.

Бүгінгі таңда итальяндық инвесторлар екі кезеңде 6 құс қорасын тұрғызды. Сондай-ақ бизнесмендер инкубациялық, ет өңдеу және жемшөп цехтары үшін неміс зертханалық жабдықтарын, шұжық және консерві өнімдерін шығаратын голландиялық қондырғыларды сатып алды.

Ағымдағы жылы тағы 15 ғимарат – бройлерлерді торда ұстауға арналған жабдықтары бар «құс қораларын», ет өңдеу цехының, жем цехының өндірістік қуатын арттыру үшін қосымша технологиялық жабдықты және т.б. салу жоспарлануда. Бұл жобаның қуаттылығын биылғы жылы 10 мың тонна құс етін жеткізуге мүмкіндік береді. 2023 жылы инвесторлар жобалық қуаттылыққа 15 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күнге дейін инвесторлар сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Жергілікті биліктің айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жақын арада көрші елді мекеннен су құбырын тарту арқылы бұл мәселе шешілмек.

«Компания пысықтау деңгейі жоғары жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімдері мен жабдықтарды әкелуге қатысты мәселелер жедел шешілуде. Бұл жобаны жүзеге асырудың бірқалыпты процесіне ықпал етеді. Біз инвесторлардың жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелерін қадағалап, оларды тез арада шешуге тырысамыз», - деді Мейіржан Юсупов.

12 млрд теңге – бұл SG Brick компаниясының кірпіш зауытын іске қосу жобасына инвестиция көлемі. Жылына 120 миллион дана кірпіш өндіретін бұл кәсіпорын еліміздегі ең ірі кәсіпорын болады деп күтілуде.

Бүгінде мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. Инвесторлар автоматтандырылған өнеркәсіп кешендері мен туннельдік пештер шығаруда көшбасшы болып табылатын испандық Beralmar компаниясынан құрал-жабдықтарды сатып алуға ниетті.

Инвесторлардың айтуынша, қазір нысанға жол инфрақұрылымын тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл мәселе оң шешімін тапқан жағдайда бұл дайын өнімді жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартады, сонымен қатар тауардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Мейіржан Юсупов жобаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге