Медиа орталық

Бразилиямен ет мәселесі жөніндегі серіктестік

Бразилиямен ет мәселесі жөніндегі серіктестік

Нұр-Сұлтан қаласына «Minerva Foods» бразилиялық трансұлттық корпорациясының өкілдері жұмыс сапарымен келді. Сапар шеңберінде KAZAKH INVEST қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, Тікелей инвестициялар қоры және Қазақстанның ет одағы өкілдерімен, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

Іскерлік сапар барысында бразилиялық делегация «Minerva Foods» қазақстандық әлеуетті әріптесі, Ақмола облысындағы ірі фермерлік шаруашылықтардың бірі «Жана Береке» кәсіпорнының жұмысымен, оның ішінде, ірі қара малды жемдеу алаңдарынан бастап, отандық дүкендердің жеке желісіне дейінгі сиыр еті мен ет өнімдерінің толыққанды өндірісімен танысты. Кездесу барысында қазақстандық және бразилиялық бизнесмендер ІҚМ еті мен ет өнімдерін өндіру және экспорт саласындағы бірлескен серіктестік мәселелерін қарастырды.

KAZAKH INVEST Төрағасының Кеңесшісі Жандос Темірғалидің айтуынша: «Қазақстан мен Бразилияның ет саласында өзара пайдалы серіктестігі үшін зор әлеут бар. Бразилия ет саласындағы өндіріс пен өңдеудің заманауи технологияларына ие бола отырып, әлем бойынша көшбасшылардың бірі. 180 миллион гектардан астам жайылым жерлері, шикізат қоры мен көліктік-логистикалық әлеуеті бар Қазақстан әлем бойынша инвесторлардың назарын тартуда».

Бүгінгі күні «Minerva Foods» өз өнімін әлемнің 100-ден астам елдеріне экспорттайды. Компанияның өндірістік құрылымдықтары негізгі экспорт терминалдарына стратегиялы жақын орналасқан, бұл компанияға өзінің диверсификацияланған өнімдер қоржынын көптеген елдерге кеңселер арқылы ұсынуға мүмкіндік береді.

«Minerva Foods» Оңтүстік Америкада жас ет пен ет өнімдерін өндіру және өткізу бойынша көшбасшы, Бразилиядағы ет экспорттаушысы, тірі мал экспорты, сондай-ақ, етті қайта өңдеу көлемі бойынша екінші болып табылатынын еске саламыз.

Компания жалпы қуаттылығы күніне 26 мыңнан астам ІҚМ басты құрайтын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Парагвай және Уругвай елдеріндегі 25 зауытты басқарады. Сонымен қатар, кәсіпорынның Бразилияда етті қайта өңдеу («Minerva Fine Foods») және Бразилия мен Аргентинада ақуызды өңдеу («Swift Argentina») зауыты, Аргентина, Бразилия, Колумбия, Парагвай және Чили елдерінде 14 қайта бөлу орталықтары, сондай-ақ, Австралия, Алжир, Ұлыбритания, Гонконг, Мысыр, Италия, Қытай, Ливан, Жаңа Зеландия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тайван және Чили елдерінде 14 халықаралық кеңселері бар.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге