Медиа орталық

Ақмола облысында Biolife Proprevit эко-сүт кешенінің құрылысы басталды

Ақмола облысында Biolife Proprevit эко-сүт кешенінің құрылысы басталды

Ақмола облысындағы «Қоянды» жеке индустриялық аймағында Biolife Proprevit эко-сауықтыру сүт және емдік-профилактикалық азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындар өндіру кешенінің алғашқы якорлық жобасының капсула салу рәсімі өтті.

 Жаңа кешен 12,6 гектар жер телімінде орналасады. Кәсіпорын пребиотиктермен, пектиндермен және дәрумендермен байытылған сүт және қышқыл сүт сусындарын, шырындар, жеміс пюресін, сорпалар мен балалар тағамын өндіреді. Жоба аясында шамамен 100 жұмыс орны ашылады.

Жобаның бастамашысы және инвесторы – әлемнің 38 елінде жобаларды іске асырып жатқан халықаралық EXIM FINANCE инвестициялық компаниясы (БАӘ). Инвестиция көлемі – 62,5 млн АҚШ доллары. Жоба Қазақстан Республикасының Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.

Іс-шара барысында жобаның өңдеу өнеркәсібін дамыту және халық денсаулығын жақсартудағы маңыздылығы атап өтілді. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек:

«Жоба қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған және өңдеу өнеркәсібін дамытудың басымдықтарына сай келеді. Біз EXIM FINANCE компаниясының «Қоянды» индустриялық аймағын дамытуға қатысуын құптаймыз және жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді ол.

Іс-шара аясында EXIM FINANCE пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ арасында 2025–2040 жылдарға арналған жобаны іске асыру жөніндегі Жол картасына, сондай-ақ Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімдігімен және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Зауыт өнімі ішкі нарыққа да, сондай-ақ ЕАЭО елдері, Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Түркия және Африка нарықтарына экспорттауға да бағытталады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге