Біз туралы

Рамазанов Елдос Мұратұлы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

1971 жылы туған, Ақмола облысының тумасы. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (экономист), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (заңгер) бітірген.

Мансап

1994-2004 жылдар аралығында түрлі коммерциялық құрылымдарда жауапты лауазымдарды атқарды.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы, Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары болды.

2007-2009 жылдар аралығында – Талдықорған қ., «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2009-2019 жылдар аралығында «Бүркіт» қаржы-өндірістік корпорациясы бас директоры орынбасарының, «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасы орынбасарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы, Басқарма төрағасының орынбасарының қызметін атқарды.

2019-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды.

2021-2023 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын, «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын,  Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері.

«Мекенжай тізілімі» МДБ жүргізу мәселелері.

Транзитті, логистиканы дамыту мәселелері;

Көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері.

Жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыру, соның ішінде жеңілдікпен жүру мәселелері;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ оны жаңғырту мәселелері;

Жылу беру маусымына дайындалу және өткізу мәселелері;

Энергетика және коммуналдық қызметтер, энергия үнемдеу мәселелері.

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқару мен өңдеу және коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормалары есебінің ережесін әзірлеу жөніндегі мәселелер.

Облыс аумағында ҚТҚ полигондарының құрылысы мен рекультивациялауға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге байланысты мәселелер.

Тұрғын үй қатынастары, соның ішінде өңірлердің тұрғын үй қоры мәселелері.

Елді мекендерді абаттандыру мәселелері.

Астана қаласының төңірегін дамыту және Қосшы қаласының даму мәселелері.

Агломерацияларды дамыту мәселелері.

Сумен жабдықтау және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері.

Ірі, топтық су құбырларының қызмет ету мәселелері.

Елді мекендер үшін жер асты суларын іздестіру мен барлау жұмыстары мәселелері.

Тарифтік саясат мәселелері.

Табиғи монополиялар субъектілерінің мәселелері.

Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені, ветеринария, су қатынастары, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

Көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелері.

Жер қатынастары мәселелері.

Бағбаншылықты, бақшалықты және саябақ шаруашылығын дамыту мәселелері.

Астана қ. айналасында жасыл желек мәселелері.

Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына қатысты мәселелер.

«Жасыл экономиканы» дамыту мәселелері.

Жер үсті су ресурстарын жинақтаумен, сақтаумен және қорғаумен байланысты, оның ішінде облыс өзендерінде түбін тереңдету және арнасын кеңейту жұмыстарының мәселелері.

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мәселелері.

Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану, күтіп ұстау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері (гидротораптар, бөгеттер, су қоймалары, тоғандар және т.б.).

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс мәселелері.

Ғарыш қызметі саласының мәселелері.

Азаматтарды мерзімдік әскери қызметке шақыру мәселелері.

«Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жататын мемлекеттік сатып алудағы, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алудағы жергілікті қамту үлесін талдау мәселелері.

Ұлттық компаниялар мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алу көлемінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін (жергілікті қамтуды) ұлғайту мәселелері.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздік мәселелері.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде құқық бұзушылықтың, адам саудасының алдын алу субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша жедел жұмыс мәселелері.

Сотталғандардың жазасын өтеу бөлігіндегі пробация мәселелері.

Стратегиялық объектілерді қорғау мәселелері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері.

Медиация, оның ішінде еңбек медиациясы, қоғамдық келісім бөлігіндегі медиация мәселелері.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау (жинақтау және талдау).

Жетекшілік ететін салалар бойынша адам құқықтарын қорғау мәселелері. 

Жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру мәселелері.

Жетекшілік ететін салаларда облыс әкімінің алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелері.

Жетекшілік ететін салаларда жобалық басқару мәселелері.

Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері.

Қадағалайтын салалары бойынша бақылау:

Мемлекет басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі, облыс әкімі мен әкімдігі тапсырмаларының орындалуын;

республикалық, сол сияқты облыстық деңгейлерде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды;

Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуын.

Өзара әрекет етеді:

республикалық деңгейде: ҚР Президенті Әкімшілігімен, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен, ҚР Парламентімен, министрліктермен және басқа да орталық мемлекеттік органдармен;

өңірлік деңгейде: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерімен, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, квазимемлекеттік сектордың ұйымдарымен және жетекшілік ететін мәселелері бойынша басқа да ұйымдармен.  

Үйлестіреді: Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Ақмола облысының ветеринария басқармасы, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» КММ, облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімі, облыс әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі бас инспекторлары мен бас мамандары, облыс әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі бас инспекторлары мен бас мамандары.

Басқарады: конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияны, ауданаралық облысішілік қатынастар тарифтері жөніндегі комиссияны, жолаушылар көлігі саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жеке әріптестерді анықтау үшін тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны, Ақмола облысы бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны, сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі облыстық комиссияны, тендерлік комиссияны, аңшылық жерлерді бекітіп беру жөніндегі комиссияны, аңшылық жерлерді қайта бекітіп беру жөніндегі комиссияны, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелерді қайта бекітіп беру бойынша конкурс өткізу үшін конкурстық комиссияны, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелерді қайта бекітіп беруге өтінімдері қарау үшін конкурстық комиссияны, басқа санат жерлерін орман қоры жеріне ауыстыру үшін комиссияны, аттестациялық комиссияны (түпнұсқалы және элиталы тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының өндірушілерін, тұқым өткізушілерді аттестаттау), алтын ала төлем жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу жөніндегі үйлестіру кеңесін, алдын ала төлем жағдайында мал азығы қорын құрастыру үшін астықты форвардтық сатып алу жөніндегі үйлестіру кеңесін, жер комиссиясын, жерлерді резервтеу туралы ұсыныстарды қарау үшін комиссияны, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жеке әріптесті анықтау үшін комиссияны (жетекшілік ететін салаларда).

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге