Медиа орталық

Ақмола облысында CITIC Construction CO. LTD компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Ақмола облысында CITIC Construction CO. LTD компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Ақмола облысында CITIC Construction CO., LTD (ҚХР) компаниясының өкілдерімен, компания атынан бизнесті дамыту жөніндегі директор Тұрсынбек Сұлтан және бизнес жөніндегі менеджер Ли Минянь кездесу өтті.

Қытайдан келген инвесторлар Ақмола облысында элеватор мен қайта өңдеу зауытын салу бойынша ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруда.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі, KAZAKH INVEST өңірлік директоры қатысқан жұмыс кездесуі барысында инвесторлардың жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері, перспективалары және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

CITIC Construction CO., LTD бүгінгі таңда Беларусьте, Мадагаскарда, Мьянмада және басқа да елдерде АӨК-нің бірқатар жобаларына табысты инвестиция салды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге