Біз туралы

Ахметжанов Марат Мұратұлы

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов Марат Мұратұлы, 1964 жылы туған, білімі жоғары, заңтану мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласының прокуратурасында тағылымгер қызметінен бастады. 1993-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 1998-2001 жылдары – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы. 2012-2014  жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, одан кейін Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

2021 -2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.

2022-2023 жылдары  – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2023 жылғы қыркүйек айынан бастап Ақмола облысы әкімінің лауазымына тағайындалды.

«Құрмет», ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған.

Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң және облыс әкiмi аппаратының қызметiн басқару.

Облыс әкiмi орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының, облыстық атқарушы органдардың, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкiмдерiнiң жұмыстарын үйлестiру, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiлген қызмет етулерi.

Экономикалық, қаржылық, фискальды саясаттың, жергiлiктi бюджеттiң стратегиялық мәселелерi.

Кадр саясатының мәселелерi.

Қорғаныс және құқықтық тәртiп мәселелерi.

Норма шығармашылық қызмет мәселелерi.

Iс-тәжiрибелiк қызметте облыс әкiмi өкiлеттiлiгiнiң бiр бөлiгiн облыс әкiмiнiң орынбасарларына, облыс әкiмi аппаратының басшысына, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдерiне бере алады.

Облыс әкiмi болмаған кезде, оны облыс әкiмi орынбасарларының бiрi алмастырады.

Облыс әкiмдiгiн Қазақстан Республикасының Президентiмен, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен, Қазақстан Республикасының Парламентiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен, орталық мемлекеттiк органдармен, облыстық атқарушы және аумақтық органдармен, барлық деңгейдегi мәслихаттармен, Ақмола облысының сотымен, Ақмола облысының прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен, Ақмола облысының қорғаныс iстерi департаментiмен, Ақмола облысының iшкi iстер департаментiмен, Ақмола облысының әдiлет департаментiмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (сыбапйлас жемқорлыққа қарсы қызметi) Ақмола облысы бойынша департаментiмен, Ақмола облысының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаметiмен қарым-қатынастарда ұсынады.

Басқарады: облыстық әкiмдiктi, облыстық бюджеттiк комиссияны, индустриалды-инновациялық даму жөнiндегi үйлестiру кеңесiн, «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасын iске асыру жөнiндегi өңiрлiк үйлестiру кеңесiн, инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi кеңестi, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы терроризмге қарсы комиссияны, жастар iстерi жөнiндегi кеңестi, мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi комиссияны, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияны, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi комиссияны, техникалық және кәсiби бiлiм берудi және кадрларды дайындауды дамыту жөнiндегi өңiрлiк кеңестi, дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңестi, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссияны, бағаларды тұрақтандыру және оның негiзсiз өсуiне жол бермеу жөнiндегi өңiрлiк штабты, облыс әкiмiнiң атаулы стипендияны тағайындау жөнiндегi комиссияны, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кеңесiн, Ақмола обылсының экспорт жөнiндегi өңiрлiк кеңестi.

Облыс әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi: мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмше, облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi, iшкi аудит қызметi.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге