Медиа орталық

Ақмола облысында керамикалық кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Ақмола облысында керамикалық кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Көкшетауда керамикалық кірпіш шығаратын зауыт ашылды. Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «ENKI Plus» ЖШС жүзеге асырады. Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемі 7,5 млрд теңгені құрайды. Жоба өңірлік индустрияландыру картасы аясында іске қосылды.

Зауыт ең заманауи импорттық және отандық жабдықтармен жабдықталған. Өнеркәсіптік нысанда 150-ге жуық адам жұмыс істейді деп күтілуде, олардың көпшілігі жергілікті тұрғындар. Жобаның өндірістік қуаты жылына 30 млн. дана қыш кірпішті құрайды.

«Мамандардың есептеуінше, өндірісті іске қосу тек Ақмола облысын ғана емес, сонымен қатар елдің жақын өңірлерін, соның ішінде Нұр-сұлтан қаласын да құрылыс материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша өңірлік директоры Ернұр Жолымбетов.

Айта кету керек, осы жобаны сүйемелдеу аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуге жан-жақты көмек көрсетті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге