Медиа орталық

Көкшетауда ТМД-дағы ең ірі «John Deere» сервис орталығы ашылды

Көкшетауда ТМД-дағы ең ірі «John Deere» сервис орталығы ашылды

Ақмола облысында ТМД-дағы ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша ең ірі сервистік орталық ашылды. 10 гектар алаңда салынған «John Deerе» жобасының құрылысына швейцариялық «Eurasia Group AG» компаниясы инвестиция салды. Орталықта Қазақстан бойынша ең үлкен сервистік инженерлер штаты – шамамен 45 адам жұмыс істейтін болады.

Инвесторлардың айтуынша, техниканың соңғы сөзі бойынша жабдықталған орталық - ауыл шаруашылығы саласының заманауи сұраныстары мен үрдістеріне жауап береді: Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің болуын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, техниканы күрделі жөндеу және қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтіп, фермерлер мен жас мамандарды ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға үйретуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын аумағында оқу сыныбы бар агротехниканы күрделі жөндеу орталығы және агрегаттық шеберхана, ауыл шаруашылығындағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқыту орталығы, техникаға арналған жабық және ашық көрме алаңдары, машиналарды сынақтан өткізуге арналған алаң, сондай-ақ техникаға арналған аумақ орналасқан.


«Осындай ауқымдағы сервистік орталықтың ашылуы еліміздің аграрлық секторы үшін үлкен маңызға ие. Біз жаңа дәуірді, шетелдік инвестициялардың жаңа дәуірін ашамыз. Бұл әсіресе қуантады, біз оны әлемнің орталығында жасаймыз! Бүгінгі таңда біздің Қазақстан бойынша 14 өкілдігіміз бар, бірақ дәл осы сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығы Көкшетау болып келді және болады», - деп толықтырды «Евразия Групп Казахстан» ЖШС Бас директоры Сергей Глокке.

Орталық аумағында кедендік бақылау аймағына жататын ауданы 1100 ш.м. меншікті тауарларды сақтау қоймасы салынды. Инвесторлар атап өткендей, бұл кедендік құжаттарды тіркеуге қаражат пен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Анықтамалық:

Eurasia Group AG - Шаффхаузен қаласында орналасқан швейцариялық компания. "Евразия Групп Казахстан" ЖШС – Қазақстан аумағындағы Eurasia Group AG өкілі. Бас кеңсесі Нұр-сұлтан қаласында, Бас сервис орталығы Көкшетау қаласында орналасқан. Қызметкерлер саны 400-ден астам адам. Компания Ауыл шаруашылығы техникасын сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді, Ауыл шаруашылығын цифрландыруды енгізеді және дамытады.

John Deere (Deere & Company) – ауыл шаруашылығы, ағаш кесу, құрылыс, бау-бақша техникасы мен гольф алаңдарына арналған жабдықтарды, зияткерлік шешімдерді өндіру және қызмет көрсету бойынша әлемдік көшбасшы. 1837 жылы АҚШ-та құрылған компания қаржылық қызмет көрсетумен айналысады. Компанияның өндірістік қуаты-19 елдегі 65 зауыт.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге