Медиа орталық

Kazakhstan Global Investment Roundtable 2022 – өсудің жаңа қайнар көзін қарастыру

Kazakhstan Global Investment Roundtable 2022 – өсудің жаңа қайнар көзін қарастыру

Астанада «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған бесінші қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелі (KGIR-2022) өтті. Шараға 600-ден астам жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысты.

Биылғы жылы пленарлық отырыста Грекия Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Георгиос Георгантас, Alstom президенті Эндрю ДеЛеоне, Атамекен ҰКП Төралқасының Төрағасы Райымбек Баталов, INOKS Бас атқарушы директоры және басқарма мүшесі Набил Марк Абдул-Масих, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев сөз сөйледі. Модератор Bloomberg Television және CNN тележурналисті Райан Чилкот болды. Сессия барысында спикерлер ағымдағы инвестициялық шындықтарды, инвестициялардың жаңа толқынын тарту үшін не істеу қажеттігін, Қазақстанның экспорттық әлеуетін, сондай-ақ еліміздің әлемнің түкпір-түкпірінен келген инвесторлар үшін артықшылықтарын талқылады.

IMG_3776.jpg

Шара барысында екі панельдік сессия – «Тағам және молшылық: АӨК болашағына инвестиция тарту» және «Жаңа экономика: өзге логистикалық шындыққа бейімделу» өтті. Талқылауға агроөнеркәсіп кешенінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, EIB Корпоративтік қаржы департаменті басшысының орынбасары Жан-Жак Сулакру, INOKS Capital SA Орталық Азия және БАӘ аймақтық директоры Ашиш Каул, «Prima Distribution» ЖШС негізін қалаушы Александр Гарбер және де сессияның модераторы ретінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев қатысты. Спикерлер геосаяси жағдайдың ықпалын және пандемияның азық-түлік қауіпсіздігіне әсері сұрақтарына тоқталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) болжамдары бойынша тыңайтқыштарға қолжетімділіктің шектелуі, азық-түлік пен энергия бағасының күрт секіруі жаңа дағдарысқа әкелуі мүмкін. Сарапшылардың пікірі бірауыздан – бұл сынға жауап әлемдік қауымдастық деңгейінде күш-жігер мен ынтымақтастықты үйлестіруге, азық-түлік тәуелсіздігін өзіміздің азық-түлік өндірісі арқылы қамтамасыз етуге көшу болуы мүмкін. 

IMG_7150.jpg

«Жаңа экономика: өзге логистикалық шындыққа бейімделу» панельдік сессиясы аясында қатысушылар салада болып жатқан түбегейлі өзгерістерді талқылады. Бүгінгі таңда нарық қатысушыларының алдында қолжетімді бағамен қатар қауіпсіз бағытты табу маңызды міндет болып табылады. Геосаяси өзгерістер мен санкциялық қысым салаға жаңа міндеттер қойып, ауқымды өзгерістерді ынталандыруда. Осы және басқа да мәселелерді Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджері Қайрат Келімбетов, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Төрағаның орынбасары Қасым Тілепов,  «SEMURG INVEST» ЖШС бас директоры Нұржан Марабаев, S Sistem Lojistik Hizmetleri A.Ş. Басқарма төрағасы Хуссейн Барлин, WiLAT төрағасы FlyDubai Қазақстандағы бас менеджері Мария Кузнечевская, WB Deniz төрағасы Грегори Джон Вояк, Skoda көлік стратегиясының директоры Роман Соркин және Adani Group логистика бөлімінің басшысы Сандип Мехта талқылады.

021A3776.jpg

Шарада инвесторлар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік инвестициялық жоба номинациясы бойынша «Fruit Art» ЖШС мен «Алтын шығыс» ЖШС марапатталды. Номинация бойынша ірі жұмыс беруші «KamaTyresKZ» ЖШС, Astana Motors және RG Processing компаниясы марапатталды.

IMG_3816.jpg

IMG_3818.jpg

IMG_3823.jpg

IMG_3820.jpg

Дөңгелек үстел аясында жалпы сомасы шамамен $1,4 млрд құрайтын 24 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Ақтөбе облысында түрік компаниясының «Орхун Медикал» компаниясымен Ядролық медицина орталығын құру, үндістандық Adani Group компаниясының қатысуымен Құрық портының инфрақұрылымын кеңейту, «Alatau Lithium» ЖШС және германиялық HMS Bergbau AG қатысуымен Шығыс Қазақстан облысында литий өндіру және өңдеу бойынша тау-кен байыту зауытының құрылысы, итальяндық Eni компаниясымен Астана қаласында жел электр станциясының құрылысын, Польшаның Stokson Modern Bakery компаниясының Астанада кондитерлік фабрикасының құрылысы, сондай-ақ Алматыда Norplast компанияның қатысуымен автокөліктерге арналған резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару және Астана Моторс пен бірлесіп автокреслоларын шығару.

Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел KGIR – бұл өзін мемлекет пен халықаралық инвестициялық қоғамдастық үшін тиімді диалог алаңы ретінде танытқан Қазақстандағы жыл сайынғы негізгі инвестициялық іс-шара.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге