Чехия делегациясы Ақмола облысында болды

Бүгін, Ақмола облысына ресми сапармен Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный және Чехия Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепеляк келді.

Сапар Чехия Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен екіжақты кездесуден басталды.

Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, экономикалық және сауда байланыстарын дамытуға мүдделілік білдірді.

Бұдан әрі Чехия делегациясы Қазақстан мен Чехияның мемлекеттік құрылымдары, ұлттық компаниялары мен іскери топтары өкілдерінің қатысуымен өткен қазақстан-чех бизнес-форумына қатысты.

Халықаралық кездесуді өткізу елдер арасындағы экономикалық, сауда және дипломатиялық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Форумға 120-дан астам чех және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылары – Ақмола облысының әкімдігі, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ және Чехияның Астанадағы елшілігі.

Іс-шараны ашқан Марат Ахметжанов Ақмола облысында қолайлы инвестициялық жағдайлар жасалғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы, машина жасау және туризм ынтымақтастықтың перспективалы салалары болып табылады.

 "Біз Чехияны еліміздің халықаралық аренадағы маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттің жаңа экономикалық саясатының жаңа кезеңі - орталықсыздандыру, яғни өңірлердің дербестігі жүріп жатқанын атап өтті, сондықтан бүгінгі таңда өңірдің инвестициялық тартымдылығы өте маңызды, мұнда жұмыс орындары ашылып, бизнес дами түсуде. Бұл үшін өңірде барлық мүмкіндіктер мен елеулі экспорттық әлеует бар. Бүгін біз ел іші бойынша, сонымен қатар шетелге де ұн, мойынтіректер, авиациялық бұйымдар және тағы басқаларын жеткіземіз", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборны Чехия мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы заманауи технологияларымен, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды тәжірибесімен танымал екенін атап өтті.

"Аграрлық секторда өзара ынтымақтастықты дамыту біздің елдеріміздің болашағы үшін өте маңызды. Бүгінгі бизнес-форум нақты бастамалар әкелетініне және бизнес субъектілерінің өзара түсіністігін арттыруға, сондай-ақ бірлескен жобалар мен сауда қызметін дамытуға ықпал ететініне сенімдімін", - деп атап өтті Марек Выборный.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша инвестициялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, тамақ өнеркәсібі, сақтандыру және сауда бағыттары негізінде b2b форматында кездесулер өтті.
Ақмола облысы мен Чехия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 17 млн АҚШ долларын құрағанын атап өту керек.

Дереккөз: Ақмола облысының әкімдігі