Ақмола облысында әлемдік деңгейдегі қонақ үй іске қосылады

Американдық Wyndham Garden желісінің қонақ үйі Бурабай курортындағы алғашқы төрт жұлдызды жоба болады. 8 қабатты кешеннің жобасы 200-250 төсек-орынға арналған 100 нөмірден тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы-12 296 м2.  Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Астық индустриясы – Астана» ЖШС жүзеге асырады.

Бурабай көлінің бірінші жағалау сызығында орналасқан қонақ үй қызығушылықтары бойынша әр түрлі жас топтарына арналған туристік қызметтердің әмбебап жиынтығын қамтиды: балалар клубы, жазда веложол және қыста шаңғы трассалары, панорамалық көрінісі бар мейрамхана, тимбилдингтер өткізуге арналған алаң, сондай-ақ емдеу-сауықтыру кешені.

«Жоба қызметтердің кең спектрін ұсынуға және Қазақстанның барлық өңірлерінен туристерді тартуға бағытталған. Бұл кешен орман алқабындағы көркем жерде, Шучье көлінің жағасында орналасқан», - деп атап өтті инвестор.

Құны 3,7 млрд теңге болатын қонақ үй кешені 140 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Құрылыс салушының ақпараты бойынша, «Зерновая индустрия – Астана» ЖШС нысанды аяқтаудың жоспарланған мерзімі –2022 жылдың бірінші тоқсаны.

Айта кету керек, осы жобаны сүйемелдеу аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуге жан-жақты көмек көрсетті.